Абай облысында алаяқ өзгенің телефонынан несие рәсімдеген
Абай облысында алаяқ телефон арқылы 600 мың теңгеге несие ресімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Семейде болды. Бейтаныс қыз жәбірленушіден қоңырау шалу үшін телефон сұраған, бірақ қоңыру шалмай банктің мобильді қосымшасын пайдаланып, ол несие рәсімдеген.
54 жастағы семейлік әйел полицияға жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, оның танысы монша кешендерінің бірінде болған кезде шұғыл қоңырау шалу үшін телефонын пайдалануды өтінді.
Қысқа уақыт ішінде күдікті интернет-қосымша арқылы оның атына смартфонға несие ресімдеген, қарыз мақұлданғаннан кейін соманы өз шотына аударған.
Жедел уәкілдер бұрын сотталмаған 28 жастағы тұрғынды полиция бөліміне жеткізді, ол кінәсін мойындады. Қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.
Күдіктіге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.