Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мәжілісте «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қаралды

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілістің жалпы отырысында «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заң жобасы 6 тараудан және 22 баптан тұрады. Сонымен қатар онда «адам саудасының құрбаны», «адам саудасының ықтимал құрбаны», «осал жағдай», «адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері» мен басқа жаңа ұғымдар қарастырылған.

– Жоба ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған, – деп атап өтті полиция ведомствосының басшысы өз баяндамасында.

Заң жобасында 4 негізгі бағыт бар. Олар:

  • Серіктестік
  • Профилактика
  • Қудалау
  • Көмек көрсету

Жобада адам саудасы құрбандарының барлық құқықтары және олармен жұмыс істеу алгоритмі көзделген.

Заң жобасының тағы бір ерекшелігі – «тәуекел топтармен» жұмыс, яғни ықтимал құрбандарға көмек көрсету.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесіне жеке тарау арналған.

Министрдің айтуынша, бұдан басқа да толықтырулар мен өзгерістер ұсынылуда:

  • Қылмыстық кодекске:

    –   «адам саудасымен байланысты қылмыстар» ұғымы енгізіледі;

    –   жасау тәсілдері бойынша «адамды қанау» ұғымы кеңейтіледі;

    –   «Притон ұстау және жеңгетайлықты» «интернет желісі арқылы» жасау деген жаңа саралау белгісі көзделеді.

  • Қылмыстық-процестік кодексте жәбірленушінің әлеуметтік арнаулы қызметтер алуға құқығы көзделді.
  • «Неке және отбасы туралы» кодексте лауазымды адамдарға балалар қалдырылған жағдайда, олар бұл туралы прокуратураға хабарлау міндеті бекітілді.
  • «Жәбірленішулерге өтемақы қоры туралы» заңға қосымша үш қылмыс түрі, яғни қанау мақсатында ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру және жезөкшелікпен айналысуға тарту қылмыстары бойынша құрбандарға өтемақы төлеу мүмкіндігі енгізілді.
  • «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске балаларды өздеріне қалдырғаны туралы хабарламағаны үшін  медициналық ұйымдардың, приюттердің, балалар үйінің қызметкерлеріне қатысты жауапкершілік көзделіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру