Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД бастығы халықпен кездесу өткізді

Көліктегі ПД бастығы халықпен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу көліктегі полиция департаменті бастығының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде өтті. Диалогқа желінің 3309 пайдаланушысы қатысты.

Кездесуде Бақытжан Малыбаев жиналғандарға Мемлекет басшысының  ІІО қызметкерлерінің алдына қойған басым міндеттері туралы айтты. Атап айтқанда құқық бұзушылықтарға жол бермеу, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және полицияның қоғаммен өзара іс-қимыл жасауының тиімділігі туралы тапсырмаларын жеткізді.

– Қазіргі таңда “Заң және Тәртіп” қағидатын қалыптастыру, заңға қайшы әрекеттер мен қылмыс жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын іске асыру зор басымдыққа ие. Бүгінгі басқосу өткен жылы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасау ғана емес, полицейлердің халықпен өзара конструктивті және жемісті диалог орнатуы мақсатында өткізіліп отыр, – деді Б. Малыбаев.

Бақытжан Малыбаев сақшылардың ҚР-ның заңдары мен халқына адал қызмет ете отырып, белсенді әрі нәтижелі әрекет ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ жұртшылықты көліктегі ПД-нің 2023 жылғы атқарған жедел-қызметтік жұмысының қорытындыларымен таныстырды.

– 2023 жылы департаменттің қызмет көрсету учаскесінде барлығы 1676 құқық бұзушылық пен қылмыстық теріс қылықтар тіркелді. Жалпы, қылмыстарды ашу 79,6%-ды құрады. Сонымен қатар 53307 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл – жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі. Былтыр барлығы 400 есірткі қылмысы анықталды. Олардың ашылу деңгейі 85%. Есірткінің заңсыз айналымынан 428 кг әртүрлі есірткі заттары тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», – деді Б. Малыбаев.

Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру бойынша өткен жылы халықпен 2998 және жолаушылар поездарында 3264 кездесу өткізілді. Бұл жұмыстар азаматтардың өз өтініш-шағымдарына сапалы әрі уақытылы жауап алуларына септігін тигізді. Мұнан бөлек, департаментке 2 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 15%-ға көп.

– Біз полиция қызметкерлерінің жұмысын халыққа ашық әрі түсінікті ету үшін көптеген іс-шараларды қолға алдық. Мысалы қазір барлық көлік нысандарында QR-кодтар орналастырылған, олар арқылы азаматтардың 83%-ы көлік полициясына сенетіндерін көрсетті, – деді ведомства басшысы.

Басқосуда кадр саясатын жетілдіру, жеке құрамның арасында тәртіп пен заңдылықтың сақталуына баса мән беріліп отырғандығы айтылды.

Онлайн кездесудің соңында Б. Малыбаев әлеуметтік желі пайдаланушыларынан келіп түскен сауалдарға жауап берді. Қосыша зерделеуді қажет ететін кейбір сұрақтар жеке бақылауға алынды. Тікелей эфир кезінде азаматтар көлік полицейлеріне өздерінің алғыстарын да жеткізді.

Есепті кездесуге әуе және темір жол көлігі ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ департамент жанындағы ардагерлер кеңесі мен консультативті-кеңесші органның мүшелері қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру