Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында “синтетика” сатқан күдікті ұсталды

Жетісу облысында полицейлер “синтетика” сатты деген күдікпен Талдықорған қаласының тұрғынын құрықтады, – деп хабарлады Polisia.kz.

Күдіктіні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері құрықтаған. Заң бұзушы қылмыс орнында синтетика деп аталатын есірткіні сату кезінде ұсталды.

– Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде пирролидиновалерофенон – PvP психотроптық заты тәркіленді. Есірткінің құрамы тиісті сараптамамен расталатын болады. Күдікті қамауға алынды. Есірткі заттарын заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, – деді Жетісу облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Мұрат Жұмабаев.

Полиция Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтарын есірткі сату саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге шақырады. Облыс аумағында есірткі сату немесе дайындау орындары туралы ақпарат білсеңіз, дереу полицияға 8 705 345 99 03 немесе 102 телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру