Полиция мүмкіндігі шектеулі өзге ұлт азаматтарына құжат рәсімдеуге көмектесті
Түркістан облысында полиция неміс ұлтының мүмкіндігі шектеулі азаматтарына құжат рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Германияның тумасы, әкелі-балалы неміс азаматтары облыс аумағында ұзақ уақыт азаматтығы жоқ адам мәртебесінде тұрып келген. Әкелі-балалы Польстерлер Германиядан Қазақстанға көшіп келген. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында тұрады. Олар денсаулығына байланысты құжат рәсімдеуге өздері бара алмағандықтан, Қазақстанның азаматы ретінде жеке куәлік алуына, полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлері көмектесіп, құжатты үйлеріне барып, табыстады.
Түркістан облысының тұрғындары көші-қон қызметінің қызметкерлеріне кәсіби іс-әрекеті және оның қиын жағдайына тиісті көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.
Осы уақытқа дейін көші-қон қызметінің қызметкерлері көптеген азаматқа өздерінің құқықтық мәртебесін заңдастыруға көмектесті.