Сирек кездесетін монеталарды арзанға сатып алмақ болған астаналық алданып қалды
Сирек кездесетін монеталарды арзанға сатып алмақ болған астаналық азамат алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана тұрғынына Ресей Федерациясының азаматы құнды монеталарды сатып алу жөнінде өте тиімді ұсыныс жасаған. Алаяқтың айласына таксист түсіп қалған. Мәселен, тұрақта такси жүргізушісіне қаскүнем тақалып, коллекциялық монеталар салынған пакетті көрсеткен, олардың арасында 1700 жылы шығарылған алтын монеталар да бар деген. Күдікті тұрғынды монеталардың әлдеқайда қымбат тұратынын айтып, отбасына тез арада ақша керек болғандықтан арзанға сататынына сендірген.
Алаяқтың айласына алданған ер адам оған 1 миллион теңге беріп, орнына 32 дана монетаны алған. Кейінірек жәбірленуші монеталардың жалған екенін біліп, полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері 31 жастағы Ресей азаматын анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.