Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әділдік орнату және азаматтарды қорғау – тергеушінің басты міндеті

Тергеуші – ІІМ жүйесіндегі ең қажетті, құрметті және беделді мамандықтардың бірі. Жасалған қылмыстың барлық нюанстарын түсіну, сот әділ үкім шығаруы үшін қажетті дәлелдер жинау – мұның бәрі маманның лауазымдық міндеттеріне кіреді. Polisia.kz редакциясы осындай міндетті қалтқысыз атқарып жүрген полиция қызметкері жайлы ақпарат ұсынады.

Бала кезінен полиция қызметкері болуды армандаған Данияр 2011 жылы ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына оқуға түскен. Оқуды бітірген күннен бастап бүгінге дейін ол тергеуші болып қызмет етіп келеді. Кейіпкеріміздің сөзінше, тергеуші өз кәсібін міндетті түрде жақсы көруі керек. Қызметтің жауапкершілігі мен маңызын түсуне алуы керек.

– Нағыз маман иесі кез келген, тіпті шешілмейтін жағдайдан шығудың жолын табады. Ең бастысы – психологиялық тұрғыдан дайын болу. Тергеуші жәбірленушімен ғана емес, айыпталушымен де ортақ тіл тауып, байланыс орнатуы керек. Сондай-ақ адвокатпен, прокурормен және сот төрешілерімен де тіл табысу қажет. Әділдікке қол жеткізу және азаматтарды қорғау – өте маңызды және жауапты міндет. Қылмысты ашу үшін оқиғаны қайта құру керек, былай айтқанда, қылмыскердің қандай әрекет жасағанын ойластыру үшін оның жүріп өткен жолымен ойша өтіп шығу қажет, – деп атап өтті Данияр Жұмабаев.

Тәжірибелі тергеушінің пікірінше, ең қиыны – дәлелдер жинау және кез келген детальді назардан тыс қалдырмау, себебі тергеуші адамның кінәсін дәлелдеуі не дәлелдей алмауы соған тікелей байланысты. ІІМ жедел бөлімшелерінің қызметкерлері қылмыстарды «ізін суытпай» немесе алынған ақпаратты пысықтау нәтижесінде ашады, ал тергеушілер болған жағдайды кезең кезеңімен сұрыптайды. Бұл жерде ойланбастан шешім қабылдауға болмайды және эмоцияға орын жоқ.

Жұмыстың басты көрсеткіші – сотқа жіберілген қылмыстық істердің санынан басқа, айыпталушыдан келтірілген залалды өтеуге қол жеткізу де маңызды.

– Біз қылмыскерді жауапқа тартып қана қоймай, азаматтарға да көмектесуіміз керек. Көптеген адам үшін оларға келтірілген материалдық шығынның өтелуі өте маңызды. Тек осы жылы жәбірленушілерге келтірілген 50 миллион теңгеге жуық шығын өтелді, – дейді Д.Жұмабаев.

Данияр өзінің болашақ әріптестеріне де кеңесін айтуды ұмытпады.

– Тергеуші миына үнемі үлкен көлемдегі ақпаратты сақтайды. Сен осы ойлармен ұйықтайсың, оянасың… Себебі жұмыс сенің кабинетіңмен ғана шектелмейді. Басты мақсаты – әділеттілікке қол жеткізу және азаматтарды қорғау болатын, тек сүйікті ісімен айналысуға деген шынайы ниет құтқарады. Егер сіз осы мамандықты таңдаған болсаңыз, оған соңына дейін адал болыңыз, – деп сөзін түйіндеді Д. Жұмабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру