Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жыл басынан бері 1235 шетелдік азамат тіркелген

Жетісу облысының көші-қон қызметі полицейлері жыл басынан бері 1235 шетелдік азаматты тіркеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа уақтылы және сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету. Азаматтықты рәсімдеуге, уақытша тіркеуге, куәліктер мен паспорттар беруге көмек көрсету – бұл қазіргі заманғы көші-қон қызметінің алдына қойылатын міндеттердің шағын ғана тізімі.

– Біздің қызметтің функцияларына көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, заңсыз көшіп-қонушыларды анықтау кіреді. Сонымен қатар көптеген азаматтар бізге қажетті қызметтерді алу үшін жүгінеді. Күн сайын көші-қон полициясының қызметкерлері орасан зор жұмыс көлемін жүзеге асырады. Құжаттарды рәсімдеу кезінде және халыққа паспорттық-визалық қызметтер көрсетеді, біздің елімізге тұрақты немесе уақытша тұруға келгендердің өмірі олардың атқарған жұмысына байланысты болады. Уақтылы және білікті көмек алу біздің жұмысымыздың тиімділігі мен үйлесімділігіне байланысты, – деп атап өтті ПД КҚҚБ бастығы Ерлан Раймбеков.

Көші-қон полициясы қызметкерлері қабылдаған шаралар заңсыз көші-қонға жеткілікті дәрежеде қарсы тұруға және жалпы өңірдегі тұрақты көші-қон жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

– Сонымен қатар, біздің қызметіміз өмірлік қиын жағдайға тап болып, қандай да бір себептермен жеке құжаттарсыз қалған адамдарға көмектеседі, – деп толықтырды Е. Раймбеков.

Жыл басынан бері облыста 1235 шетелдік азамат тіркелді, оның ішінде 104 шетелдік Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданды. 411 шетелдікке ықтиярхат, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға 7 куәлік берілді. 3 айда 41 866 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде – 41 178-і мемлекеттік корпорация арқылы.

– Бүгінгі күні мен барлық әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтағым келеді! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ертеңгі күнге сенімділік, жеңіл қызмет және кәсіби аспанда ашық ауа-райын тілеймін, – деп Е. Райымбеков әріптестерін құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру