Кек алу мақсатында жұмыс берушінің көлігін соғып, қашып кеткен павлодарлық ұсталды
Павлодар полицейлері жұмыс берушісінің көлігіне зақым келтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 жастағы павлодарлық жұмыс берушінің ГАЗель көлігіне зақым келтірген. Автокөлік үйдің ауласында тұрды және павлодарлық түсіндіргендей, жұмыс берушінің жағымсыз қарым-қатынасына кек алу туралы шешім қабылдап, газельдің артқы көрінісінің айналарына зақым келтірген. Құқық бұзушының жеке басы бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды.
– Ер адамға қатысты біреудің мүлкіне қасақана зиян келтіру факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адамға қатысты сот 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, бұл 73840 теңгені құрайды,- дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адам өзінің іс-әрекетін жұмыс беруші оған жалақының бір бөлігін төлемегендігімен түсіндірді. Айта кетейік, ер адам айыппұлды төлеп те қойды.