Алматыда көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы қолға түсті
Алматыда көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматының Бостандық ауданында, таңғы 08:00 шамасында, 98-бағыттағы автобуста 38 жастағы жолаушы бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік жүргізушісіне дене жарақатын келтірген.
– Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдікті өзін қорғау үшін, жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан, жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты. Алайда жанжалдың себебі де осы кикілжің болған, – дейді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.