БҚО ПД эвакуациялау орындарындағы жағдайды тікелей бақылауда ұстап отыр
БҚО Полиция департаментінің басшылығы эвакуацияау орындарындарына барып, жағдайды тікелей бақылауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин су тасқыны орын алған елді мекендерде полиция қызметкерлерінің тұрғындарды құтқару бойынша жұмыстарын тікелей өз бақылауына алды.
Жалпы полиция департаменті тарапынан бұған дейін адамдарды судан құтқару жұмыстарына 800-ге жуық полиция қызметкері мен 130-дан астам қызметтік техника жұмылдырылған болатын. Су басқан аймақтардан полиция қызметкерлері адамдарды қайық және квадроцикл арқылы эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғындарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары да жүгізілді. Десек те, судың келгенін көре тұра, эвакуациялаудан бас тартқан тұрғындар да аз емес.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың басты мақсаты – мейлінше адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан полиция қызметкерлері тұрғындарға эвакуациялық жұмыстарға түсіністік танытып, қарсылық білдірмеулерін сұрайды.
Жалпы төтенше жағдай кезінде 1155 тұрғын үй және 830 саяжай үйі су астында қалды. Елді мекендерде 13 068 адам, оның ішінде 5 472 бала қауіпсіз аймаққа көшіріліп, эвакуацияланды.
Қазіргі таңда облыстың Қаратөбе және Шыңғырлау ауданының 7 елді мекені судың шаюынан көлік байланысынсыз қалып қойды.
Бүгінгі таңда жағдай тұрақты түрде күрделі және бақылауға алынған.