Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғындарының алғысына бөленген ювеналды полицей

Шымкент тұрғындарының алғысына бөленіп жүрген ювеналды полицейдің жұмысы туралы Polisia.kz редакциясы айтып береді.

Шымкенттегі Жұлдыз шағын ауданы құқық бұзушылықтар саны бойынша көшбасшылар қатарына кіретін аумақ. Осыған қарамастан ювеналды полицей Гүлмира Пашаеваға бекітілген мектептің 1,5 мың оқушысының қатысуымен соңғы 5 жылда бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген.

– Мектеп инспекторының дәл осындай жоғары көрсеткішке қол жеткізгені қажырлы еңбектің, табандылықтың және ең бастысы балаларға деген сүйіспеншіліктің арқасында, – деп есептейді жергілікті тұрғындар.

Мұнда кішкентайдан үлкенге дейіннің барлығы Еңбекші АПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Гүлмира Пашаеваны таниды. Оқушылардың ата-аналары да, мұғалімдер де ол туралы жылы сөйлейді.

–Бұл кісінің үлесі үлкен, жұмысы орасан. Бұл жерде біздің балаларымыз оқып жатыр, біз де осы мектепті бітіргенбіз. Бұрын кейбір балалар бұзық болатын, қазір олай емес. Барлығымыз оның бұл аумақтағы құқықтық тәртіпке қосқан үлесі туралы хабардармыз, – дейді олар.

Гүлмира Пашаева өз тәжірибесінде ұлы мен қызына қарағанда алкогольдік ішімдікке көбірек көңіл бөлетін ананы да жолықтырған. Инспектор әйелге қалыпты өмірге оралуға көмектескен.

–Ол маған көмек қолын созып, расымен де о дүниеден алып шықты. Маған үнемі келіп, тексеріп тұрды. Осындай адамның бар екеніне шүкір. Мен өліп бара жатырмын деп ойлағанмын. Ол маған балаларымды қайтарды. Ішпегеніме 3 жыл болды. Балаларым мектепке барады, мен жұмысқа орналастым. Мұның бәрі Гүлмира Пашаеваның арқасында. Ол бізге қыс бойы мүмкіндігінше көмектесті, әрдайым көмір, отын алып келетін. Ол болмаса балаларым тоңып, жаурап қалар еді. Оған денсаулық берсін, – деп алғысын жеткізді Людмила.

Гүлмираның ойынша бөтен балалар болмайды.

– Мен осы қағидамен жұмыс істеймін. Ювеналды полиция қызметкерлері барлық балаларды өзінікі сияқты көріп, қорғауға тиіс. Сондай-ақ олар жан-жақты, түсінігі мол болуы тиіс. Кейбір жағдайларда біз балалар үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де психолог болуымыз қажет, – деп атап өтті тәртіп сақшысы.

Айта кететін ақпарат, полицейдің балалардың қауіпсіздігін қорғап жүргеніне биыл 20 жыл.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру