ШҚО-да полиция ардагерлері жас мамандармен интернет-алаяқтық тақырыбын талқылады
ШҚО-да полиция ардагерлері жас мамандармен интернет-алаяқтық тақырыбын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы ПД жанындағы тәлімгерлер кеңесінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті.
Интернет-алаяқтық бүгінгі таңда қылмыстық құқық бұзушылықтардың кең таралған түрлерінің бірі. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің 2024 жылдың 3 айындағы жұмыс нәтижелері және интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстардың алдын алу және ашу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, алаяқтардың құрбаны болған азаматтар жүгінген кезде кезекші бөлімдер мен киберпол қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмін жасау. Екінші деңгейдегі банктерге және МҚҰ-ға сұрау салу.
Кездесу қорытындысы бойынша тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Мұқанов Дәурен киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, алаяқтардың құрбаны болған азаматтар жүгінген кезде кезекші бөлімдер мен киберпол қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді ұсынды.
Жас полицейлердің қалыптасуындағы маңызды рөлді ұрпақтар сабақтастығы алады. Себебі, тәлімгер әріптестердің көпжылдық тәжірибесі оларды алға қойған мақсаттарына жетуге бірде бір септігін тигізері анық. Біздің ардагерлер кәсіби кадрларды қалыптастыруға және кейінгі буынға дұрыс негіздерді қалыптастыруға өз үлестерін қоса отырып, тәлімгерлік жұмыстарын жалғастыруда.