Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда қызмет бабында қаза тапқан полицейдің құрметіне мектепте “Ерлік бұрышы” ашылды

Қарағандыда қызмет бабында қаза тапқан полицейдің құрметіне мектепте “Ерлік бұрышы” ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлихан Бөкейхан ауданындағы 74 мектепте қызметтік борышын орындау барысында ерлікпен қаза тапқан Досболат Әлімбаевқа арналған «Ерлік бұрышы» ашылды. Досболат Әлімбаев 1998 жылы 28 ақпанда Степной-2 шағын ауданында қарулы қылмыскерді ұстау кезінде оқ жарақатын алып, 27 жасында қаза тапты.

Досболат Әлімбаевтың жарқын бейнесі ерліктің, қайсарлық пен азаматтықтың үлгісі ретінде мәңгі есте қалады. Ол Қазақстан полициясының даңқты дәстүрлерін жалғастырды, қызметтік борышына деген адалдықтың үлгісін көрсетті.

– Сонымен қатар осы мектепте “Жас полицей” ұйымы құрылды. “Жас полицей” ұйымының мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сезімдер мен адамгершілік қасиеттерді, азаматтық белсенділікті, патриотизмді, рухани-адамгершілік дамыту және Отан алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру