Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полициясында өзге ұлт өкілдері қызмет етеді

Polisia.kz редакциясы Түркістан полициясында қызмет ететін өзге ұлт өкілдері жайлы ақпарат ұсынады

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен “Мемлекеттік тіл – бірліктің негізі” іс-шарасы өткізілді. Яғни мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлтты полиция қызметкерлері өздері жайлы бейнежазбалар әзірледі.

Ал төмендегі бейнежазбадағы қызметкер облыс орталығына келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, абыройлы қызмет атқарып жүрген жас маман.

Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкері Шералы Абдурасулов Түркістан қаласының тумасы. 2017 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Ішкі істер органдарына 2019 жылы кіріп, ең алғашқы қызмет жолын Түркістан қалалық полиция басқармасындағы белгілі бір тұрақты тұратын жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орнының кезекші полицейі лауазымынан бастаған.

2022 жылы қыркүйек айынан бастап Түркістан қаласындағы туристерге қызмет көрсету взводының қызмет инспекторы лауазымында қызмет атқарады.

Ұлты өзбек болғанымен, жүрегі қазақ деп соғатын Шералы халқымыз үшін қашанда қарқынды қызмет етуге әзір екенін жеткізеді.

Сондай-ақ Сайрам аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Елена Яврова – ұлты орыс. Десе де ІІО-дағы 28 жыл жұмыс өтілі кезінде тұрақты түрде мемлекеттік тілді қолданып келеді.

Осы уақыт аралығында адал жұмысымен көзге түсіп, жоғары көрсеткіштерге кол жеткізген. Яғни тұрғындар тыныштығын сақтап қана қоймай, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге үлес қосып жүрген қызметкер.

Полицей шаңырағында 2 перзент өсіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру