Ақмола облысының полицейлері оқушылар мен олардың ата-аналарына семинар өткізді
Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған семинар-тренингтер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысындағы Есіл, Жарқайың, Целиноград аудандары және Қосшы қаласы сияқты облыстың шалғай өңірлеріне білікті мамандар бірлескен сапармен барды.
Мақсаты – мектеп мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналарын химиялық тәуелділіктің түрлері, оларды қолдану белгілері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ оқушыларды ПБЗ-ны қолданудың зияны және есірткі құқық бұзушылық жасағаны үшін құқықтық жауапкершілік туралы хабардар ету.
Іс-шаралар «Зерделі ұрпақ» ЖҚБ үкіметтік емес ұйымының бастамасымен «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» жобасын іске асыру аясында өткізілді. Оған психология магистрі Көкшетау қалалық аналар кеңесінің мүшесі Гүлнар Оразбаева жетікшілік етті.
Спикерлер ретінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құқық кафедрасының лекторы Ерлан Наурызбаев, психотерапевт-дәрігер Гүлшат Хасенова және Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Разия Курсанова сөз сөйледі.
Іс-шараға 200-ден астам ата-ана мен 350-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысты. Ата-аналармен әңгімелесу барысында химиялық тәуелділік түрлеріне, есірткі заттарымен және психотроптық заттармен улану белгілеріне, сондай-ақ баланың оларды қолдануға бейімділігіне әсер ететін факторларға ерекше назар аударылды.
Жасөспірімдерді есірткіні қолдануға тарту механизмдері, сондай-ақ оған қалай қарсы тұру керектігі егжей-тегжейлі баяндалды. Оқушылармен қолжетімді нысанда жасөспірімдерді есірткі орталығына тарту себептері, есірткі қылмыстарын жасағаны үшін құқықтық салдарлар және т. б. қарастырылды.
Жыл басынан бері Ақмола облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының 46.1-тармағын орындау шеңберінде облыстың жиырма өңірінің онын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтыды.
Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табады.