Алматы облысында кадет сыныбының ата-аналары «Үздік әке» байқауына қатысты
Алматы облысында кадет сыныбының ата-аналары «Үздік әке» байқауына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы орта мектеп-гимназиясында «Үздік әкелер» байқауы өтті.
Турнирге барлығы 62 жас полицейлердің әкелері қатысты. Жарыс жеке және командалық сайыста алты кезеңде өтті: курсанттардың әкелері өздерінің интеллектуалдық және спорттық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, шығармашылық әлеуетін ашып, бала психологиясындағы білімдерін де көрсетті.
4
Жарыстың барлық кезеңдерінде әкелер спорттық құштарлық пен командалық рухты көрсетті. Сайыс арасындағы үзілістерде жас полицейлер музыкалық қойылымдар көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша бес әке үздік деп танылып, грамоталар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңында әкелер ұлдарына олармен мақтанатындарын айта өтіп, сонымен бірге жақсы оқуға, ұстаздарына мойынсұнуға және биік шыңдарға ұмтылуларына тілектестігін білдірді.