Елордада ұландықтар ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетті
Астанада 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері – Инсафидина Гареева, Любовь Войтович және Раиса Мұстаеваны Жеңіс күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әскери бөлім басшылығы мен барлық жеке құрам атынан ардагерлерге естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Құттықтау барысында 6636 әскери бөлімінің командирі Ерлан Буранбаев қарттарға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі, сондай-ақ фашизмді жеңуге қосқан үлесі үшін, соғыс жылдарында көрсеткен батылдығы, табандылықтары үшін алғыс айтты.
Өз кезегінде Инсафидин Гареев өзінің еңбек жылдары туралы естеліктерімен бөлісіп, өзінің жауынгерлік жолы туралы айтып, басқыншыларға қарсы қатал шайқастарда күрескен жолдастарын еске алды.
Құттықтау соңында әскери бөлімнің музыкалық ұжымы соғыс жылдарындағы музыкалық композицияларды орындап, қиын кезеңдердегі ерлік пен төзімділікті еске түсірді.