Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерін құттықтады
Абай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлерін аралап, құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №20 мекеменің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері А. Атавин, А. Каймолдин және Е. Краснянскаяның шаңырағына арнайы ат басын бұрып қарияларды мерекемен құттықтады. Мекеме ұжымының ыстық ықыласқа толы сәлемін жеткізіп, сый-сыяпат табыстады.
Өз кезегінде ардагерлер қиын кезең туралы, шайқастың сұрапыл сәттері жөнінде және жеңіс оқиғаларымен бөлісті. Ұлы Отан соғысы кезінде тыл енбеккерлері де жеңіске өз үлестерін косты. Олар Майданды қару-жарақпен, әскери техникамен, оқ-дәрілермен, отынмен, сондай-ақ азық-түлікпен және киіммен камтамасыз етті.
– Бақыт үшін көп нәрсе қажет емес, тек қамкорлық. Құрмет – ардагерлер үшін ең жақсы сый. Шынында да дәл осындай сәттерде адам өзінің көп жылдық және қиын еңбегінің лайықты бағаланғанын түсінеді, – дейді ардагерлер.
Ардагерлер конақтарға қызметте сәттілік пен шыдамдылық тілеп, білдірген құрметтері үшін алғыс айтты.