БҚО-да полиция қызметкерлері көлік ұрлаған жүргізушіні ұстады
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері көлік ұрлаған адамды бейнебақылау камерасының көмегімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оралда «102» операторына белгісіз біреуден авотұрақтан қоңыр түсті Kalina автокөлігін айдап кеткені туралы хабарлама түсіреді.
Аталған факті бойынша барлық жеке құрамға бағыт-бағдар беріледі. Белгілі болғандай күдікті алысқа кетіп үлгермеген, ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған, соның арқасында Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері ақпарат бойынша көлік ұрлаушының ізіне түседі.
Кейін бір сағат ішінде көлікті айдап әкетуші 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол мас күйінде болған. Автокөлікті ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, ал жүргізушіге қатысты көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Бейнебақылау камералары қылмыстарды ізін суытпай ашуда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда үлкен көмек көрсететінін айта кеткен жөн.
2024 жылы бейнебақылау арқылы 32 қылмыс, оның ішінде 4 тонау, 4 бұзақылық, 2 ұрлық және 4 айдап әкету қылмысы және басқа да 18 қылмыс ашылды.