Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция есепте тұрған отбасыларды қалай бақылайды

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар айына кемінде екі рет тұрғылықты жері бойынша есепте тұрған отбасыларға барып тұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл ретте олардың тұрмыс жағдайы тексеріліп, ата-аналармен және жасөспірімдермен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгімелер жүргізуге баса назар аударылады.

– Біздің міндетіміз – ата-аналардың өмірге деген көзқарасын өзгерту, оларды жұмыс іздеуге ынталандыру, тәуелділіктен арылуға көмектесу, туыстарымен қарым-қатынасын жақсарту, ​​- деп атап өтті Қостанай қаласы ПБ Ювеналды полиция бөлімінің бастығы Ләззат Жамалиденова.

Бүгінгі таңда Қостанайда полицияның есебінде 225 отбасы бар. Олармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіліп тұрады. Полицейлер оларға ерекше көңіл бөлуге тырысады. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды жұмысқа орналастыруға және әлеуметтік қолдауға, сондай-ақ маскүнемдіктен емделуге жәрдемдеседі.

Айта кетерлігі, ата-ана бала тәрбиесіне дұрыс араласпаса, дұрыс жолға түскісі келмесе және көрсетілетін көмекке немқұрайлылық танытса немесе көршілерінен, мұғалімдерінен арыз-шағымдар түсе берсе, онда ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Одан әрі материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға беріледі. 

Ол өз кезегінде ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы шешім шығарады. Сонымен қатар тексерулер барысында балалар мен аналардың психологиялық жағдайы белгіленіп, оларға қатысты зорлық-зомбылықтың ықтимал фактілерін анықтау үшін мектеп психологтары тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру