Маңғыстауда заңсыз жұмыс істеген 50-ге жуық шетелдік азамат анықталды
Маңғыстауда заңсыз жұмыс істеген 50-ге жуық шетелдік азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы аумағында өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс жасаған 48 шетелдік азаматты анықтады.
Құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен жауапкершілікпен тартылды.
Сонымен қатар олардың заңсыз жұмыс жасауына жол берген жұмыс беруші азаматтарға осы кодекстің 519-бабына сәйкес айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына қатысты 32 дерек тіркелді.