Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есептегі 100 сотталған оқуға қабылданды

Қызылорда облысында есептегі 100 сотталған оқуға қабылданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде 2023-2024 оқу жылына барлығы 100 сотталған азамат оқуға қабылданды. Атап айтқанда, Қызылорда политехникалық колледжінің газэлектр дәнекерлеу мамандығына – 15 сотталған, автослесарь мамандығына – 15 сотталған, Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері мамандығына – 20 сотталған, слесарь-сантехник мамандығына – 20 сотталған, Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің арнайы тігінші мамандығына – 15 сотталған, аспазшы мамандығына 15 сотталған азамат кәсіптік білім алу үшін оқуға қабылданды.

– Білім беру барысында «Құрылыс апталығына» байланысты С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері мамандығына қабылданған сотталғандарға «Паркет жұмыстарын жасаудағы жаңа 5 технологиясы» тақырыбы негізінде түрлі-әдіс тәсілдер көрсетілді. Алдағы уақытта жоғарыда аталған оқу орындарында білім алуға ниетті сотталғандарды оқуға қабылдау жұмыстары жүргізіледі, – деді мекеменің сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің инспекторы Нұркен Несіпбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру