Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада өзгенің велосипедін қолды қылған күдікті құрықталды

Астанада өзгенің велосипедін қолды қылған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға велосипед ұрлау фактісі бойынша қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, құны 80 мың теңге тұратын жоғалған екі дөңгелекті көлік кіреберістің алдында тұрған. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы ер адамды анықтады.

Күдікті түнгі уақытта сол жақ жағалаудағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан өтіп бара жатып, кіреберістің алдында тұрған екі дөңгелекті көлікке көзі түседі. Қылмыстық оймен жас жігіт өзінің әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің жоқтығына көз жеткізіп, бекітіліп тұрған сымды кесіп, Skillmax  велосипедін ұрлап әкеткен.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жігіт мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру