Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Уылдырық» ЖПІШ: Түркістан облысында заңсыз балық аулағандар жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері уылдырық шашатын маусымдағы браконьерліктің жолын кесу мақсатында 5 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Уылдырық» жедел-профилактикалык іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шара балық және балық өнімдерін заңсыз аулау, тасымалдау, сатып алу немесе өткізуге қатысты экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Іс-шара басталғалы Созақ ауданы көлемінде өзендердің бойында заңсыз балық аулау жайттары анықталған. Оның ішінде заңмен тыйым салынатын балық аулау құралдарын қолданумен 5 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Аталған жайттарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігі (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тиісті шаралар көріліп, айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға балық ресурстары мен жануарларды заңсыз аулау, жойылып кету қауіпі бар өсімдіктерді жұлудың соңы заңмен жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру