СҚО-да есепте тұрған сотталған 10-нан астам жазбаша ескерту алды
СҚО-да есепте тұрған сотталған 10-нан астам жазбаша ескерту алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО пробация қызметі бөлімдерінің қызметкерлері есепте тұрған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Тәрбиелік ықпал ету әдістерінің бірі қоғамнан оқшауланбай сотталған адамдарға қатысты жазаны ауыстыру. Бірақ бұл түзу жолға түскісі келмейтін және заңсыз әрекеттерін жалғастыратын сотталғандар үшін соңғы шара. Дәл осындай жазаны өтеудің белгіленген тәртібінен қасақана жалтарған сотталғандарға қатысты прокурордың келісімімен, жазаны ауыстыру туралы сотқа материалдар жіберіледі.
Осылайша, Мамлют ауданының ПҚБ есебінде 40 жастағы сотталған тұр. Ол бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыруға 13 жазбаша ескертуі бар. Қызметкерлердің заңды талаптарын және сотпен жүктелген міндеттерді жүйелі түрде бұзғаны үшін сотқа жазаны ауыстыру туралы материалды жіберу шешімі қабылданды.
– Сотталған адам жүргізіліп жатқан профилактикалық және тәрбие жұмысына назар бермеді. Тиісінше, жазаны қоғамнан оқшауламай одан әрі өтеу жағдайында түзетуге және қайта тәрбиелеуге жатпады. Алдын алу мақсатында есепте тұрған басқа сотталғандар да ашық сот процесіне шақырылды. Сот қаулысымен бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның 2 жыл 8 ай 4 күн өтелмеген мерзімі сол мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды, – деді ПҚБ бастығы Алмагүл Сеитова.