Абай облысында жүргізушілер жолда көмек көрсеткен полицейлерге алғысын білдірді
Абай облысында жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілер полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір күнде патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне алғыс сөз сипатындағы бірден екі хабарлама келіп түсті. Патрульдік полиция экипаждарының уақытылы көмегі азаматтарға көліктің ақауын жоюға және сапарды әріқарай жалғастыруға мүмкіндік берді.
Қарт адам үйіне бара жатқанда жағымсыз тосын сыйға тап болды. Оның жеңіл көлігінің дөңгелегінің желі шығып кетті. Ол жолда өтіп жатқан көліктерді тоқтатуға тырысты, бірақ жүргізуші айтқандай, ешқайсысы көмек көрсетуге тоқтай қоймаған. Осы уақыт аралығында патрульдік полиция ротасының экипажы патрульдік маршрут бойынша жүрді. Содан тәртіп сақшылары көлік дөңгелегін ауыстыруға көмек көрсетті.
Тағы бір жүргізуші Семей – Бородулиха жолында одан да қиын жағдайға тап болды, оның көлігінде салқындату жүйесі істен шығып, көлік жолда тоқтап қалды. Жүргізушінің бақытына орай, осы уақытта рота экипажы патрульдеуде болды. Полицейлер жол жиегінде тұрған көлікті көріп, бірден көмекке асықты. Ол үшін кері қайтып, су әкелу керек болды. Жүргізушіге көмек көрсеткеннен кейін патрульшілер өз жолдарын жалғастырды.
Полицейлердің айтуынша, қызметтік парыз бойынша мұндай жағдайларға күн сайын тап болады. Көбінесе мұндай қиын уақытта жүргізушілердің қасында болатын патрульдік экипаждар, сондықтан қызметкерлер үшін мұндай жағдайда әрекет ету жолы тансық емес.