Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда полицейлер күмәнді сөмкелерді тексеру үшін екі шақыртуға шықты

Таразда полицейлер күмәнді сөмкелерді тексеру үшін бір күнде екі шақыртуға шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз полициясының «102» пультіне банктердің бірінің жанындағы орындықта күдікті сөмке тұрғаны туралы хабарлама түсті. 

Нұсқауға сәйкес, полиция бұл ақпаратты шұғыл түрде тексерді. Шақыру орнына жедел түрде полиция департаментінің қызметкерлері, саперлар, кинологтар, төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем қызметкерлері келді. Полиция аумақты қоршап, жақын маңдағы ғимараттардан азаматтарды дереу эвакуациялады.

Арнайы шаралардың нәтижесінде сөмкеден жарылғыш құрылғылар табылмады. Онда жеке заттар мен құжаттар болған.

Сол күні тұрғындар қала орталығындағы дүкендердің бірінің жанынан иесіз рюкзак сөмке тауып алған. Барлық шұғыл қызметтер дереу аталған орынға жетті. Қызметтік иттің көмегімен полицейлер сөмкені тексерді. Оның ішінде жеке заттар болған. 

Екі сөмкенің иелері табылып, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру