Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бес полицей кезекті шендерін алды

Мемлекеттік рәміздер күнінде солтүстікқазақстандық бес полицей кезекті шендерін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін солтүстікқазақстандық полицейлер мерекелік сап түзеп қарсы алды. Мерекені жеке құрам алдында Қазақстанның Туы мен Елтаңбасын ұстап салтанатты маршпен өткен топ ашты. Оркестрдің сүйемелдеуімен тәртіп сақшылары ҚР гимнін орындады.

Облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев ведомствоның жеке құрамы мен ардагерлерін мерекемен құттықтап, Отанымыздың игілігі үшін атқарып жатқан қызметтеріне табыс тіледі.

– Сіздердің күнделікті аянбай атқарып жатқан қызметтеріңіз – халқымыздың бостандығының, елдің егемендігінің, барша қазақстандықтардың тыныштығы мен сенімділігінің берік кепілі!, – деп атап ол.

Полицияның бес қызметкері ерекше мақтанышпен кезекті офицерлік шендерін алды. Олардың үшеуіне майор, біреуіне подполковник, ал СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Мәдиевке полиция полковнигі погондары берілді.

– Осындай айтулы күні кезекті офицерлік шенімді алу мен үшін үлкен мәртебе және заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау жолында одан әрі мінсіз қызмет етуге ынталандырады, – дейді тәртіп сақшысы.

Еран Мәдиев – СҚО ПД аппаратының тәжірибелі қызметкерлерінің бірі. Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, көптеген жылдар патрульдік полиция батальонында еңбек етті, адамдардан бірнеше мәрте алғыс алып, ризашылықтарына бөленді.

Салтанатты іс-шара аяқталған соң полиция қызметкерлері қызмет атқару орындарына тарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру