Алматыда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 27 азамат анықталды
Алматыда заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 27 азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда Өзбекстанның 27 азаматы заңсыз жұмыс істеген. Оларды полиция қызметкерлері “Заңсыз келуші” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.
– Мақсат – заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның 27 азаматы ұсталды. Тексеру кезінде 9 шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттары болмады. Олар ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.