ШҚО-да полицейлердің ұйымдастыруымен жастар арасында футболдан турнир өтті
Шығыс Қазақстан облысында полицейлердің ұйымдастыруымен есірткіге қарсы акция асында жұмысшы жастардың арасында футболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Самал» саябағының қалалық стадионында есірткіге қарсы акция аясында ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп «Жастар Рухы» МК ШҚО филиалының АMANAT CUP ұйымдастыруымен Өскемен қаласының жұмысшы жастары арасында футбол турнирі өтті.
Жаман әдеттер мәселесіне қоғамның назарын аударуға және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл іс-шараға көптеген қатысушылар жиналды.
Матч бастала салысымен әр ойыншының жеңіске деген ұмтылыстары көрінді. Ойыншылар жақсы физикалық дайындықты, доппен ойнау шеберлігін және командалық жұмысты көрсетті.
Айта кету керек, айқын фавориттер болған жоқ – әр команда жоғары дайындық пен жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті. Турнирде спорттық жетістіктерден басқа маңызды әлеуметтік мәселеге назар аударылды және ол спорт жаман әдеттерге қарсы тиімді балама бола алатындығын көрсетті.
Барлық қатысушылар жаңа сезімдерге ие болып, жаңа адамдармен танысып қана қоймай өзекті мәселемен күресуге өз үлестерін қосты.
Финалдық турнирдің жеңімпаздары 1, 2, 3 орындарға ие болып, «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» және «Үздік бомбардир» номинациялары берілді.
1- орынды «Real Game Club» командасы, 2- орынды «Unit Fc» командасы, 3- орынды «Sardar MMA Club» командасы иеленді.
Полицейлер мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың және біздің азаматтардың бірлескен күш-жігері нашақорлыққа және басқа да әлеуметтік мәселелерге қарсы күрестегі нәтижелерді жақсартатынына сенімді.