Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция тұрғындармен жаңа форматта диалог өткізді

Алматы облысында полиция тұрғындармен жаңа форматта диалог өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаментінің ведомстволық парақшаларында көптеген көрермендерді бей-жай қалдырмаған жаңа форматта тікелей эфир өтті. Тақырып бойынша шектеулер болған жоқ – өңір полицейлері ішкі істер органдарының қызметіне қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.

– Тікелей эфир облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаровтың қатысуымен өтті. Біз азаматтар үшін жедел және нақты ақпараттың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және эфирімізді барынша пайдалы әрі ақпараттандыруға тырысамыз, – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Ашық диалог барысында ішкі істер органдары жұмысының әртүрлі аспектілері қозғалды.

– Біз олардың әрқайсысына жауап беруге тырыстық. Кейбір сұрақтар қосымша зерттеуді қажет етеді, бірақ жауаптар жақын арада беріледі. Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайтынын атап өткіміз келеді, – деп қосты баспасөз қызметі.

– Біз тұрғындардың осындай форматтағы кездесулерге белсенді қатысуын жоғары бағалаймыз және барлық өтінішті қарауға дайынбыз. Әрбір келесі эфир барынша нәтижелі және пайдалы болады деп сенемін, – деп атап өтті облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру