Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер аса ірі көлемде есірткі сатқан күдіктіні ұстады

СҚО-да полицейлер аса ірі көлемде есірткі сатқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас, интернетте көпшіл, жұмыс істегенді ұнатпайды, жеңіл ақша туралы армандайды, құқықтық сауаттылық, мәдениет және әлеуметтік жауапкершілік деңгейі төмен. Қазіргі есірткі сатушының орташа «портреті» осындай дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

Өңір полицейлері осындай сипаттамаға сәйкес келетін СҚО аудандарының бірінің 24 жастағы тұрғынын анықтады. Ол еш жерде жұмыс істемей, екі ай бойы Петропавлдағы жалдамалы пәтерде тұрып келген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала көшелеріне кезекті рет серуенге шыққаннан кейін оны синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен ұстады.

Одан түрлі түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 8 түйіншек тәркіленді. Бұдан кейін жас жігіт өзінің жүрген жерлерін тәртіп сақшыларына көрсетуге мәжбүр болды. Осылайша полицейлер есірткі жасырылған 29 орынды анықтады.

– Сараптама көрсеткендей, алынған заттар жалпы салмағы 37 грамм болатын мефедрон және α-PvP синтетикалық есірткілері екені анықталды.

Жедел уәкілдер жігітті ақпан айында ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес, аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланғаны үшін күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру