Қарағандыда полицейлер арнайы компьютерлердің мониторын ұрлағандарды қолға түсірді
Қарағанды полицейлері арнайы компьютерлердің мониторын ұрлағандарды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды полицейлері қаладағы мекемелердің бірінен мониторлар ұрлаған күдіктіні ұстады.
Ұрлық қалада ең заманауи модификациядағы экскаваторларды пайдалану арқылы жылу құбырларын салумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде болған.
Қолды болған мониторлар сол экскаваторлардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін арнайы борттық компьютерлерінде орнатылған.
Сол жерден белгісіз біреулер аталған техниканың терезесін сындырып, борттық компьютердің мониторын ұрлап кеткен. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке келтірілген шығын көлемі 1 миллион 500 мың теңгені құрады.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы азамат ұсталды.
Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленіп, аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.