Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да автобус жүргізушілері тарапынан ЖҚЕ бұзудың 30 фактісі тіркелді

СҚО-да полиция қызметкерлерімен бір күнде автобус жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 30 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігі – полицияның ерекше назарында. Сондықтан да 10 маусымнан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Автобус» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

Тәртiп сақшылары көлiктiк бақылау инспекциясының қызметкерлерiмен бiрлесiп автобус бағыттарында тексерулер жүргiзуде. Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде адамдар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер тарапынан 30 бұзушылық анықталды.

Олардың арасында – жүріп кетпеуге қарсы құрылғының болмауы, есіктің апаттық ашылуының жұмыс істемейтін тетігі бұзушылықтар.

– Бұл кемшіліктер жарақатқа әкелуі мүмкін. Тәртіп бұзушылар көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ көлік басқарып келе жатып телефонды пайдалану мен маневр жасау ережелерін бұзудың 4 фактісі, жылдамдықты арттырудың бір жағдайы анықталды.

Өткізілетін тексерулердің мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысы жолдарындағы көлік тәртібін нығайту және апаттылықты азайтуға бағытталған, – деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру