Павлодар облысының полицейі қызметі жайлы айтып берді
Павлодар облысының полиция департаментінде погон таққан ақылды, кәсіби маман, сұлу ханымдарды барлық бөлімшелерден табуға болады. Солардың бірі Сымбат Әшімова туралы бүгін Polisia.kz сайтының редакциясы айтып береді.
2008 жылы университетті бітіргеннен кейін Павлодар облысының полиция департаментіне жұмысқа келген Сымбатты әріптестері білікті маман, көрікті әйел, қамқор ана және сүйікті жар ретінде біледі. Ол қаржылық қамтамасыз ету басқармасында бухгалтер болып қызмет атқарады.
Еңбек жолының алғашқы күнінен бастап ол полицияда жұмыс істеу жоғары жауапкершілікті қажет ететінін түсінді. Сымбат Әшімова барлық жаңашылдықтарды мұқият үйреніп, жоғары оқу орнында алған білімін практикамен нығайта түсті. Жылдар өтіп, алған кәсіби тәжірибесі оған ПД қаржылық қамтамасыз етудің бас маманы лауазымын лайықты атқаруға мүмкіндік берді.
– Біздің шығыстарымыздың негізгі баптары – жалақы, салық аударымдары, жеке құрамға түрлі өтемақы және ынталандырушы төлемдер. Бөлімнің қаржылық қызметі жоғары деңгейде болуы үшін жалақы уақытында есептелуі керек, қажетті жабдықтар тез арада сатып алынып, үнемі жетілдіріліп отыру керек, заңнамадағы барлық өзгерістерден хабардар болу өте маңызды. Бұл жұмыстардың барлығы басшылық пен әріптестерге ыңғайлы болуы үшін мүмкіндігінше тез жасалуы керек. Мен қойылған міндеттердің сапасына да, орындалу мерзіміне де жауапкершілікпен қараймын, – дейді Сымбат Әшімова.
Сымбат Әшімова өзінің тәлімгері Ерік Нұрғожин мен Айнұр Сағынбаеваға ризашылығын білдірді.
– Ұжымның барлық қызметкерлері жауапты, ілтипатты, әрқашан көмектесуге дайын. Өзара көмек, сөз бен істің сәйкестігі, жастарға көмектесу секілді дәстүрлер ежелден бері құрметтеліп келеді. Көптеген жылдар бойы өмірін құқық қорғау қызметіне арнаған азаматтар да бар, кейбірі зейнеткерлікке шыққаннан кейін дле біздің бөлімде қызметін жалғастырады, – дейді Сымбат.
Сымбат Әшімова өзінің нәзіктігіне қарамастан, департаменттің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, ақша ағындарын сауатты бөлетін өз ісінің нағыз маманы.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Сымбат Әшімова бірнеше рет министрліктің және департаменттің грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.