Түркістан облысында досының үйінен алтындарын ұрлап кеткен күдікті құрықталды
Түркістан облысында досының үйіне қонақ болып келіп, алтындарын ұрлап кеткен күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері ұрлық қылмысын ашты. Яғни полиция алтын бұйымдарды ұрлаған 21 жастағы жас қызды дер кезінде анықтап, қылмыстық іс қозғады.
Белгілі болғандай күдікті жас қыз досының үйіне қонаққа келген кезде тоңазытқыштың үстінде үй иесінің алтын бұйымдарын байқады. Оңай жолмен пайда табу мақсатында қараусыз тұрған алтын жүзіктерін жымқырып кеткен.
Келтірілген шығын көлемі 280 мың теңгені құраған. Күдікті ұрлаған алтындарды ломбардқа өткізіп, бас пайдасына жаратқан.
Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, ұрланған алтындарды заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталып жатыр.