Алматы полициясы электросамокат жүргізушілерінің қауіпсіздігін қадағалайды
Алматы полициясы электросамокат нарығына қатысушылармен бірге қауіпсіз көлік жүргізу ережелерін қадағалайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері шеринг операторлармен бірлесіп, Алматы көшелерін аралап, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалайды.
Шараның мақсаты – электросамокаттарды жауапкершілікпен жүргізу мәдениетін арттыру.
Алматы қалалық полиция департаменті самокат жүргізушілері арасында қылмыстың алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізді.
Полицейлер кикшеринг компанияларының бірінің қызметкерлерімен бірге Алматының негізгі тас жолдарын аралап, жол ережесін бұзған пайдаланушыларға шара қолданды.
Ереже бұзған самокат жүргізушілерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ оларға қауіпсіз және этикалық көлік жүргізудің негізгі ережелері жазылған жадынамалар таратылды.
Шара соңында ұйымдастырушылар тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды жалғастыру мақсатында қандай заң бұзушылықтардың жиі орын алғанын сараптады.
Самокат 2023 жылдың қыркүйегінде «Жол қозғалысы туралы» заңға өзгертулер енгізгеннен бастап ресми түрде Алматының көлік жүйесіне енді. ІІМ-нің мәліметінше 2023 жылдың қыркүйегінен бастап самокаттардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны бірнеше есеге азайған. Сондай-ақ Алматыда самокатпен серуендеушілердің саны артып келеді.
– Алматы қаласы полиция департаменті электросамокат жүргізушілері мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдайды. Алматылықтар көлік мәселесін шешу үшін самокаттарды жиі пайдалана бастағанын байқадық. Осындай жағдайда бәріміз құқық бұзушылықтың алдын алып, жазатайым оқиғаларды азайтуға күш салуымыз керек. Кикшеринг операторларының бірі жауап бергеніне қуаныштымыз және біз барлық кикшеринг операторларын осы бастамаға қосылуға шақырамыз, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.
Whoosh компаниясының Қазақстандағы бас директоры Серік Қанапиянов та өз кезегінде алғысын білдірді.
– Біздің компания өз кезегінде Алматы қалалық полиция департаментіне көлік жүргізу мәдениетін көтеруге бағытталған бастамаларды қолдағаны үшін алғысын білдіреді. Самокат көптеген алматылықтар үшін ыңғайлы көлікке айналды. Бірақ қала тұрғындарының көбісі жаңа жол қозғалысы ережелеріне әлі үйренбеген. Күштерді біріктіру арқылы біз пайдаланушыларымызға және басқа да жол қозғалысына қатысушыларға ережелерді тиімді жеткізе аламыз, – деді ол.