Түркістан облысының полициясы 5 айда атқарылған жұмысты қорытындылады
Түркістан облысының бас полицейі 5 айда атқарылған жұмысты пысықтап, жеке құрамға нақты тапсырмалар берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің төрағалығымен осы жылдың 5 айында атқарылған жұмысты қорытындылау мақсатында жиын өтті. Оған барлық қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлімінің басшылары мен орынбасарлары қатысты.
– Құрметті әріптестер! Қылмыссыз қоғам құру жолында баршамыз бірлесіп жұмыс атқарудамыз. Осы ретте назарымызды бірінші кезекте ел Президенті мен Ішкі істер министрі ден қойған жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмауға, алаяқтық, мал ұрлығы, жол көлік оқиғаларын азайту, қарумен болатын қылмыстарға жол бермеу бағытында профилактикалық шараларды күшейтуді тапсырамын, – деп М.Қабденов жеке құрамға тапсырмалар берді.
Ақпарат ретінде айтып өтсек, 2024 жылдың 5 айында Түркістан облысында тіркелген қылмыс өткен жылға қарағанда айтарлықтай төмендеді. Мәселен, ұрлық қылмысының тіркелімі 38.2%-ға, пәтер ұрлығы 45.2%-ға, мал ұрлығы 46,6%-ға азайды.