Абай облысында полицейлер алаяқтыққа қарсы ақпараттық жадынамалар таратты
Абай облысында полицейлер алаяқтыққа қарсы ақпараттық жадынамалар таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтық – қылмыстың кең таралған түрлерінің бірі. Көптеген қазақстандық алаяқтық схемасының құрбаны болуда. Бүгінгі таңда азаматтарды алдаудың көптеген жолы бар. Көп жағдайда бұл қылмыстар қашықтан жасалады.
Алаяқтар – біздің әлсіздігіміз бен эмоциямызды басқара білетін керемет психологтар. Олар бізге хабарланған ақпараттың шындығына сендіру үшін бәрін жасайды.
Осы жылдың 5 айында облыс аумағында 256 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Осыған байланысты Абай облысы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тұрақты негізде алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтардан сақтандыру мақсатында медициналық мекемелерде, ХҚКО-да, сауда үйлерінде, дүкендерде, ірі сауда орталықтарында, базар павильондарында, аялдама кешендері мен кіреберістерде алаяқтық әрекеттер, оның ішінде интернет-алаяқтықтар туралы ескертетін буклеттер жабыстырылды.
Облыс полициясының учаскелік инспекторлары ескерту мақсатындағы 1910 буклетті жабыстырып, таратты.