Павлодар облысында ІІО қызметкерлерінің балалары ата-аналарының суретін салды
Павлодар облысында ІІО қызметкерлерінің балалары ата-аналарының суретін салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкерлері флешмоб өткізді. Онда тәртіп сақшыларының балалары ата-аналарының суреттерін салды.
Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – полицейлерге балалар көзімен қарау. Осындай шараның арқасында полицей әкелер мен аналар өздерін балаларының суреттерінен көре алды.
Іс-шара жас ұрпаққа ата-аналарын қалай көретіні, олар үшін полиция қызметкері кім екендігі туралы қиялдауға мүмкіндік берді. Балалар суреті – бұл кішкентайларды құқық тәртібінің қызықты әлеміне енгізді.
– Бұл суреттер балалардың иллюстрациялар жинағына тамаша қосымша болады және балаға қуаныш пен қиялдағы шытырман оқиғалар сыйлайды, – деді іс-шараны ұйымдастырушылар.
Аналар мен әкелер бейнеленген көңілді балалар суреттері – бұл баланың полицейге досы және қорғаушысы ретіндегі көзқарасы. Сурет кішкентай суретшінің болашақта адамдарды қорғау және оларға көмектесу туралы амбициясы мен арманын білдіреді.
– Менің анам ең әдемі! Ол тұшпара дайындайды, – дейді үш жасар Медина Акимжанова.
Ал Дархан Алтынхан болса: «менің әкем – менің ең жақын досым, мен оны қатты жақсы көремін» – дейді.
Ең жас қатысушы Аделина Қайырбекова жұмыстан кейін әкесі оған тәттілер әкелгенін жақсы көреді. Ол әкесін тосынсыйлар үшін ғана емес, сағынғандықтан да күтеді.
– Мен үшін әкем-ең жақын дос, ол менің бірінші көмекшім және мен оның полицияда жұмыс істегенін мақтан тұтамын. Ол үнемі жұмыста болады, бірақ демалыс күндері ол әрқашан бізбен бірге. Бұл сирек демалу уақыттары есте қаларлық уақыттар, – дейді Малика Қабышева.
Іс-шараға балалар мен ата-аналар қатысты. Бірге өткізген уақыт барлығы үшін өте пайдалы болды. Балалар ата-аналарымен уақытты керемет өткізді, ал аналар мен әкелер қызметтен біраз уақыт алшақтап, жас суретшілермен бірге балалық шақ әлеміне еніп кетті.
Балалар өз еңбектерін әділқазылар алқасына ұсынды. Олардың шешімімен достық жеңіске жетті, ал барлық қатысушылар тәтті сыйлықтар мен көптеген қуанышты әсерге ие болды.