СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері психологтармен бірігіп тренинг ұйымдастырды
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері психологтармен бірігіп тренинг ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жауынгерлік тапсырмаларды орындауға психологиялық дайындықтың ең тиімді құралы – экстрималды жағдайларда мінез-құлық дағдыларын дамыту, жауынгерлік жаттығуларға мүмкіндігінше жақын болуға септігін тигізеді.
Айта кету керек, көктемде СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері үлкен су тасқынына тап болып, оның салдары бүгінгі күнге дейін жойылуда. Осыған байланысты төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын игеру қажеттілігі туындады.
Дәл осы мақсатпен Қазақстан полициясы күні қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы психологтармен «Төтенше жағдайларда іс-қимылға дайындық» тренингтік сабағын ұйымдастырды.
Тренинг Петропавл қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында департамент және ведомстволық бағынысты мекемелерінің 50 қызметкері қатысты. Сабақ барысында нұсқаушылар түрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде қабылданатын шараларды көрсетті. Материалды бекіту мақсатында жеке құрам оқу-жаттығу сабақтарына тікелей қатысты.