Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция пәтер тонаған күдіктіні ұстады

Ақтөбеде полиция пәтер тонаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың мамыр айының соңында Ақтөбе қаласының орталық көшелеріндегі пәтерлердің бірінде ұрлық жасалды. Ұры кілт таңдау арқылы есікті ашып, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. 

Осы факті бойынша мақсатты жедел іс-шараларды өткізу барысында жедел уәкілдер күдікті тұлғаны кезекті пәтер ұрлығын жасаған сәтте ұстады. Күдікті бұрын пәтер тонағаны үшін бірнеше рет сотталған көршілес облыстың 31 жастағы тұрғыны болып шықты.  Бұл жолы ол пәтерден 245 мың теңге мен қол сағатын ұрлаған. Ұсталған адамнан полицейлер ұрланған ақша мен есіктерді ашуға арналған кілттерді тәркіледі. 

 Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде және ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру