Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция фотосалоннан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Астанада полиция фотосалоннан ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері фотосалоннан ұрлық жасады деген күдікпен 53 жастағы ер адамды анықтады.

Белгілі болғандай, полицейлерге сауда нүктесінің қызметкері хабарласып, салон ішінде белгісіз біреудің кәсіби фотоаппаратын ұрлап кеткенін айтқан.   

Тәртіп сақшылары жұмысының нәтижесінде, ер адамның Абылай хан даңғылындағы фотосалонға келгені анықталған. Сатушының жоқтығын байқаған күдікті қылмыстық ниетпен, фотографтың құнды камерасын, сонымен қатар витринадан бірнеше фотоальбомдарды жымқырып кеткен. Ол ұрланған заттарды алдағы күндері сатуды көздегені белгілі болған.  

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның астанада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру