Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана сақшыларына жалпы гарнизондық жиын өтті

Астана сақшыларына жалпы гарнизондық жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5573 әскери бөлімінде Астана қаласы полиция департаментінің кешенді күштері мен құралдарының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметіне жұмылған жеке құрамына жалпы гарнизондық жиын өтті.

Жеке құрамның жүктелген тапсырмаларды орындауға дайындығын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мен Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев тексерді.

Қызметкерлерге жедел жағдай туралы ақпарат беріліп, тапсырмалар жүктеліп, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтар көп шоғырланатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға ерекше көңіл бөлу керектігі жеткізілді.

Сондай-ақ қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында елордада өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын белгіленген тәртіпте ұйымдастыру керектігі де айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру