Таразда мерекеге орай футболдан турнир ұйымдастырылды
Таразда мерекеге орай футболдан турнир ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Динамо» спорт кешенінде Қазақстан полициясының 32 жылдығына орай Жамбыл облысының құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Үздік атану үшін 16 команда бәсекеге түсті.
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин турнирдің салтанатты ашылуында сөз сөйлеп, барлық қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Ол құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін командалық ойында қалыптасатын шыдамдылық пен өзара түсіністік дағдылары маңызды екенін атап өтті.
– Өздеріңіз білетіндей, мұндай жарыстар қызметкерлер арасында спорттық ойындарды қалыптастыру, дәстүрді дамыту, ойыншылар арасында өзара құрметпен қарым-қатынас орнату үшін маңызды. Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне, қатысқан командаларға лайықты жеңістер, ал барлық қатысушыларға спорттық мерекеден ұмытылмас әсер алуларына тілектеспін, – деді Арманбек Хакімбекұлы.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің командасы, екінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы жеңіп алды және құрметті үшінші орынды Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы иеленді.
Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.