Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Колония қызметкерлері дронның көмегімен жіберілген сәлемдемені дер кезінде байқады

Алматы облысында колонияға дронның көмегімен тыйым салынған заттар өткізілмек болды , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңғы сағат 04:00 шамасында №57 (орташа қауіпсіздік) мекемесінің қызметкерлері колония аумағында ұшатын құрылғыны байқаған. Дрон пакетті мекеме аумағына тастап, ары ұшып кетті. Мекеменің кезекші бөліміне ұшу объектісі арқылы бақылау жолағына сәлемдеменің түскені туралы дабыл келіп түсті.

Дереу Қонаев қалалық полиция басқармасынан жедел тергеу тобы шақырылып, нәтижесінде ішінде насыбайға ұқсас жасыл түсті ұнтағы бар 26 пакет, бір телефон, бір телефон қуаттағыш пен 500 грамм өсімдік тектес жасыл зат тәркіленді.

Аталған факт бойынша сараптама тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркелді.

Ескертулерге қарамастан, жыл басынан бері тыйым салынған заттарды пенитенциарлық мекемелердің аумағына өткізудің 228 әрекеті тоқтатылды. Осыған орай ҚАЖ комитеті аталмыш әрекеттер үшін жауапкершілік туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру