Шымкентте полицейлер кәсіби мерекесін атап өтті
Полиция күніне орай мегаполисте 100-ден астам тәртіп сақшысы марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін қалалық полиция департаментінің плацында Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге жүздеген погон таққан қызметкер жиналды. Іс-шараға мегаполис әкімінің орынбасары Айдын Каримов қатысты. Өздерінің адал қызметімен халықтың құрметіне ие болған ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары да шақырылды.
Шара заң бұзушылықтарға қарсы күресте өз өмірін қиған сақшыларға арналған обелисктің ашылуымен басталды. Генералдар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Департамент бастығы Думан Таев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген полицейлерді марапаттады. 100-ден астам құқық қорғаушыға ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы полиция департаментінің арнайы марапаттары табысталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.