ІІМ Алматы академиясының курсанттары есірткіні насихаттайтын 100-ге жуық граффити жарнаманы жойды
ІІМ Алматы академиясының курсанттары есірткіні насихаттайтын 100-ге жуық граффити жарнаманы жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ Алматы академиясының жас курсанттары синтетикалық есірткі сататын сайттардың граффити жарнамаларын анықтауға және жоюға бағытталған «Біз есірткіге қарсымыз» акциясы аясында есірткі жарнамаларын анықтау және бояу процесіне тікелей қатысты.
Іс-шара Алматының Алмалы ауданында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Шара барысында курсанттар әдетте ғимараттардың, көпқабатты үйлердің қабырғаларында, кіреберістерде және басқа да оңай қол жетімді жерлерде кездесетін заңсыз трафареттік жарнамаларды анықтап, оларды жою арқылы есірткі бизнесі мен есірткінің таралуына қарсы өздерінің қарсы ұстанымдары мен бұл дертпен күресу қажеттілігін білдірді.
– Жастар есірткіні тарату үдерістеріне қатысу – яғни оларды жарнамалау, беру, тапсыру, граффити-жарнамаларды бояу сияқты әрекеттер де заңмен жазаланатын қылмыстық әрекет екенін толық түсінбейді, – деп атап өтті ІІМ Алматы академиясының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау жөніндегі ведомствоаралық орталығының бастығы Камиль Ушуров.
Өкінішке орай Қазақстан есірткіні тұтыну бойынша 8- орында. Бұл статистика шұғыл әрекет етуге және нақты шаралар қабылдауға түрткі болуы тиіс.
Осылайша, бірнеше сағаттың ішінде есірткіні насихаттайтын 100-ге жуық жарнама жойылды.
ІІМ Алматы академиясы барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды есірткі жарнамаларын бояуға және Қазақстанның жастары мен жарқын болашағы үшін есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шараларын қолдауға шақырады.