Атырау облысында ардагерлер кеңесі көші-қон полицейлерін төсбелгімен марапаттады
Атырау облысында ардагерлер кеңесі көші-қон полицейлерін төсбелгімен марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысында көші-қон саясатын оңтайлы шешіп, өзге ұлт өкілдеріне жүйелі түрде қызмет көрсетіп, өтініштері мен ұсыныстарын уақытылы және толық қарауды жүзеге асырып келеді.
Жалпы, көші-қон қызметінің маңызы зор. Осы ретте, Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов өз қызметтерін жоғары дәрежеде орындаған Атырау облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Жанар Сағдығалиева, Атырау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы Айсұлу Жапақова, Атырау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы Альбина Утеулиеваны Хиуаз Доспанова атындағы төсбелгімен марапаттап, қызметтеріне алғыс білдірді.